
Асуы жоқ асулардан асайық,
Ашылмаған тас қақпаны ашайық.
Болмағанды болдырайық дүниеге,
Жаңа тұрмыс жаңа жерге жасайық.
С.Сейфуллин
Қызылорда қаласындағы 55 жылдан астам тарихы бар, іргелі білім ордасының бірі Сәкен Сейфуллин атындағы №4 мектеп.Бұл оқу орны ашылғаннан бергі жылдарда талай ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ел болашағы үшін тәрбиелеп, білім саласында сүбелі үлес қосып келе жатқан өзіндік дәстүрі, оқыту үрдісінде жаңаша бағыт-бағдары бар мектепке айналып отыр.
Мектеп...Ұстаз...Осы егіз ұғымды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Мектеп қабырғасына, ұстаз алдынан дана да, ғалым да шығады.
Қала мектептері ішінде ежелден келе жатқан, өзіндік тарихы бар, білім беру саласында өзіндік қолтаңбасы бар мектеп болып саналады.
Мектеп білім ордасы демекші, қаладағы №171 мектептен бөлініп, 1964 жылдың қыркүйек айында №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп ашылды.
1964 жылдан 2000 жылға дейін №4 С.Сейфуллин мектебі орыс-қазақ орта мектебі болып келді. Білім сапасын арттыру жас шәкірт бойына өмір талабының барлық заңды құбылыстарын рухани азық беру, өмірден өз керегін ала білуге үйрету ұстаз үшін бейнетпен келетіні анық.
2000-2001 оқу жылынан бастап қазақ сыныптары ғана оқытыла бастады.
Мектептің әр кезеңде жеткен жетістіктері де аз болған жоқ. Осы алдыңғы қатардан көрінуіне үлес қосқан №4 орта мектеп сонау Қасымбек Ибраев басқарған алғашқы жылдардан бері талай асу белестерден өтіп, дәуір кезеңіне сәйкес жаңалықтарға үн қосып, алдыңғы толқын ұстаздар негізін салған дәстүрді сақтап келеді.
Сан қыранды самғатқан алтын-ұя Бір кезде орыс -қазақ мектеп болып ашылып,білім ошағы өзінің өсу-өркендеу жолында талай қиындық пен табысты сәттерді бастан кеше отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын ақпараттық технология мектеп-лицей» (IT-мектеп-лицей) деңгейіне дейін көтерілді.
Осы киелі шаңырақтан талай қазақ баласы білім алып, отанымыздың игілігіне қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен аттанды.
Осындай шәкірттерді тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі еш кетпейтініне сенімдіміз.
Қызылорда қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 12 маусым 2019 жылы Қызылорда қаласының әкімдігінің №13513 қаулысымен С. Сейфуллин атындағы №4 ақпараттық технология мектеп-лицей» (IT-мектеп-лицей) коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Қазақстанда білім беруді жаңғырту — бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Ақпараттық технологиялар – білім беру кеңістігінде, жаңа мектеппен жаңа тарих бастау алуда...
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ
![]() |
Ибраев Қасымбек 1964-1976 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. Ибраев Қасымбек жас та болса талантты мұғалімдерді біріктіріп, ұжым жасай білді. 1955 – 1961 жылдары колхоз төрағасы болып сайланып, сонымен қатар, ұстаздық жолын Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтта бастады
Қасымбек Ибраев 1976 жылы дүние салды. Бірақ оның еңбегін балалары, немерелері, шәкірттері Қаланың бір көшесі Қасымбек Ибраевтың атында. Өн бойынан өнеге дарыған ұлағатты ұстазымыздың жарқын бейнесі қашан да жадымызда. Оның жемісті, еңбегінің шапағат шуағы, үлгілі ілім – тәрбиесінің тәлімі жүздеген шәкірттерінің жүрегінде жүр. Ендігі мақсат: осындай асыл ұстазға, аяулы ағаға лайықты құрмет көрсету - кейінгі ұрпақтың міндеті. |
![]() |
Перзадаева Мара 1976-1982 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. Мара үлкен жүректі ұстаз. Мара апай №4 С.Сейфуллин мектебін басқарған жылдарда көптеген мектепішілік игі шаралар өз дәрежесіне жеткен екен. Елдің, халықтың, ата-ананың құрметіне бөленген басшы.Ол жан-жақты талант иесі болған.
Мара апай үлкен жүректі ұстаз ретінде жүздеген шәкірттерді терең білімді етіп тәрбиеледі. Өзімен бірге қызметтес болған әріптестеріне кең пейілмен, жылы жүрекпен қараған ұстаздардың ұстазы Мара апай еді. |
![]() |
Кон Евгений Васильевич 1982-1984 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. Кон Евгений Васильевич 1932 ж. 25 қазанда Приморск өлкесінің Посьетск ауданында жұмысшы отбасында туған. Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін ұстаздық Калинин атындағы кеңшардағы мектепте география пәнінен сабақ беруден бастаған. Одан кейінгі жылдары Қызылорда қаласындағы №2 мектепте мұғалім, М.Горький атындағы №57 орталау мектепте оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1964 жылдың қазан айынан 1997 жылдың, яғни оқу жылының соңына дейін ұстаздық еңбек етіп, еңбек демалысына шықты. 1964 жылдан 1997 жылға дейін мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. |
![]() |
Есетова Камал Жұмабайқызы
1984-1987 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. 1987 жылы 4 наурызға дейін осы мектепте қызмет атқарды. Осыдан кейін денсаулығына байланысты ІІ топтың мүгедегі деген анықтамамен еңбек демалысына шықты.
Камал Жұмабайқызы өзі осындай еңбек жасап жүріп, ардақты ана, сүйікті жар болып, төрт бала өсіріп тәрбиеледі. Камал Жұмабайқызының осындай еңбектері елеусіз қалған жоқ. Көптеген мақтау қағаздарымен, медальмен марапатталды: 1974 жылы 17 қазанда «Министерство просвещение КазССР» 1976 жылы Қызылорда облысы бойынша бірінші болып «Аға мұғалім» атағын алды. 1984 жылы «Отличник» просвещение СССР» 1985 жылы І қалалық депутат болып сайланды. 1967 жылы 24 қазанда Қазақ ССР жоғарғы советіне депутат болып сайланды. Облыстық зейнеткер болды. Камал Жұмабайқызы 2004 жылы дүние салды. |
![]() |
Оспанова Гүлзия Жұмағалиқызы
1987-1990 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. 1990 жылдан бастап біраз жылдар бойы қалалық білім бөлімін басқарып келді. Қазіргі таңда қаладағы №233 орта мектептің директоры болып қызмет атқарды. Г.Оспанова «Халық ағарту ісінің үздігі» атағының иегері |
![]() |
Ибраева Наталья Бахтияровна
1990-1994 жылдар аралығында мектеп директоры болып қызмет атқарды. Оқу-тәрбие, қоғамдық жұмыстағы жетістіктері жетерлік. Наталья Бахтияровна басқарған уақытта мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа сипатқа ие болды. Білімді ұрпақ тәрбиелеу барысында ерекше еңбек сіңірді.Сол жылдары мектепте сапалы кадрлар қалыптасты. Мұғалімдердің білімін көтеру жұмыстары күшейді. Эстетикалық тәрбиеге көп көңіл бөлінді.Оқу материалдық техникалық база толықтырылды.Осындаи игілікті істер ұстаздар жадында сақталған. |
![]() |
Әбдиева Қайыркүл Ілиясқызы
1995-1998 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. Қайыркүл Ильясқызы – 1956 жылы 2 сәуірде дүниеге келді. 1980 жылы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының филология факультетін бітірді. Осы жылы №235 мектепке орыс тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналасты. 1980 – 1990 жылдар аралығында жоғарыда көрсетілген мектепте оқушыларды пән олимпиадаларына дайындап, оқушылары қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардан жүлдегер болды. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша Облонодан «Лучший по професии» атты дипломмен марапатталды. 1990 – 91 жылдары №7 орта мектебінде жұмыс істеді. 1991 – 92 жылдары №70 қазақ орта мектебінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасарының қызметін атқарды. 1992 – 1994 жылдың наурыз айына дейін №212 қазақ орта мектебінде директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары болып қызмет жасады. |
![]() |
Ізбасова Алтын Болатовна
1998 жыл – 2004 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. Ізбасова Алтын Болатқызы жоғары оқу орнын 1986 жылы бітіргеннен кейін №217 мектепте мұғалім болып қызмет істеген. 1990 жылы осы мектепте директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 1992 жылы А.С.СМакаренко атындағы балалар үйінде директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.1996 жылы Қалалық білім бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.1998 жыл Ізбасова Алтын Болатқызы Қазақстан Республикасыың Білім және ғылым қызметкерлерінің 2 сьезінің делегаты.Сонымен қатар Облыстық маслихаттың алғыс хатымен марапатталған. |
![]() |
Жиенбаева Зауреш Жубаевна 2004жыл – 2011жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарған. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, 2008 жылы Қазақстан Республикасы президенті жанындағы отбасы және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының құттықтауы, 2006 жыл РИПКСО, 2006 жыл облыс әкімінің, 2006 жыл Облыстық білім департаментінің, 2006 жыл Облыстық кітапхана. 2007 жыл Облыстық қан орталығы, 2008 жыл Облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 2003, 2004, 2007 ж.ж.. Қала әкімінің 2004 жыл Облыстық таэквандо федерациясының 2007 жыл Қарағанды экономикалық университетінің 2006, 2008 ж.ж. Қалалық білім беру бөлімінің, 2006 жылы қосымша білім беру орталығының алғыс хаттарымен марапатталды. |
![]() |
Алтынбекова Ақгүл Жаңабекқызы 2011 -2019 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. 1970 жылы 5 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. І санатты орыс тілі мен әдедиеті пәні мұғалімі. 1992 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 2004 жылдың 9 қарашасынан бері №4 С.Сейфуллин атындағы мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Ұйымдастырушылық қабілеті мол, ізденімпаз,іскер мұғалім.. 2009-2010 оқу жылынан бастап директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Мемлекеттік аралық бақылау жұмыстарын жүйелі жүргізгені үшін мектепішілік алғыс хатпен марапатталды. |
![]() |
Рахметов Алмат Бахытбекович 2019 жылдың 14 қыркүйегінен бастап С.Сейфуллин атындағы №4ІТ мектеп-лицейінің директоры қызметін атқаруда. 1979 жылы 19 қыркүйекте Жалағаш ауданында дүниеге келген. Білімі– жоғары. 1995-1999 жылдар аралығында Қызылорда мемлекеттік университетін физика және қосымша математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 2020ж. Жапон елшілігінің «Шөп тамырлары» бағдарламасы аясында мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасының қайтарымсыз грантын ұтып алды. Қазіргі уақытта осы мектепте сапалы кадр дайындап, білімді ұрпақ тәрбиелеуде нәтижелі жұмыстар атқаруда. |
















