20 қараша күні ата-ана комитеті Батыршаев Ержанның ұйымдастыруымен «SCHOOL QUIZ - 2021» атты 8 сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс өтті. Сайысқа «Жас қыран», «Қыран», «Дарын», «Шаңырақ», «Достық», «Ақыл», «Бүркіт», «E sport», «Navi», «Tokio» сияқты 10 топтың арасында болып өтті. Сайыстың мақсаты: оқушыларды салауатты бәсекелестікке баулу, оқушыларының бойында көшбасшылық қасиетін дамыту, бірлескен, біріккен, ұйымшыл командалар құру, бірігіп бос уақытты тиімді өткізуді ұйымдастыру, сабақтан тыс уақытты бір-біріне көмек көрсету, біртұтас команда, корпоративті рух қалыптастыру.
Жеңімпаздарға демеушілер тарапынан ұйымдастырлыған алғыс хаттар және сыйлықтар үлестірілді. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды «Бүркіт» тобы иеленіп, «Жібек жолы» кинотеатрына, 2 орын алған «Шаңырақ» тобына боулингке тегін билеттер таратылып, 3 орын иегерлері «Navi» тобына тәттілерге ие болды.
https://litsei4.testim.kz/kz/zhanaly-tar/105-school-quiz-2021.html#sigFreeIda1e6185a14






