С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейінде білікті ұстаз Сматова Манат Шамбекқызының 65 жылдығына орай "Тарих-ғасырлар куәсі" тақырыбында қалалық ғылыми жоба байқауы өткізілді. Қала мектептерінен барлығы 32 оқушы қатысқан бұл байқау өте қызықты өтіп, тың тақырыптар бойынша тиянақты зерттеу жүргізген оқушылар жеңімпаз атанды. Байқау қорытындысы төмендегідей:

І орын

№222 мектеп оқушысы Тәкеш Жасұлан (жетекшісі - Бисембина Камшат);

ІІ орын

№178 мектеп оқушысы Бисенбай Даниял (жетекшісі - Кемалова Жанат);

№39 мектеп оқушысы Жұмабек Кәусар (жетекшісі - Бурамбаева Гүльмира);

ІІІ орын

№140 мектеп оқушысы Көлбай Айару ( жетекшісі - Кенжеғұлова Раушан);

№136 мектеп оқушысы Кульдибаев Рустам (жетекшісі - Байсалбаева Гүлнарай).

Байқау жеңімпаздарына тарихи мазмұндағы құнды кітаптар сыйға беріліп, дипломмен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз, жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекші ұстаздарын құттықтаймыз!