Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай 2021 жыл 9-10 желтоқсан күндері Атырау облысында жалпы білім беру ұйымдарының басшылары арасында алғашқы рет І Республикалық дебат турнирі өткен болатын. Осы республикалық турнирде «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық турнирінің облыстық кезеңінен жеңімпаз атанған мектебіміздің директоры Рахметов Алмат Бахытбекович және №101 мектеп-лицей директоры Уткельбаева Айгуль Алтынбекқызы бір фракцияда ойнап,облыс намысын қорғаған еді. Турнир қорытындысы бойынша облысымыз жүлделі ІІІ орынға ие болды. Басшыларымыз өздерінің көшбасшылық қабілеті мен өткір ой иесі екендіктерін республикалық додада тағы бір дәлелдеді. Жеңіс баршамызға құтты болсын!
https://litsei4.testim.kz/kz/zhanaly-tar/107-mektep-basshylary-respublikaly-pikirsajys-turnirinde-top-zhardy.html#sigFreeId5ba9d6a4f5






