Көзді ашып-жұмғанша тағы бір жылды аяқтадық. 2021 жыл біздің ұжым үшін ерекше жетістіктерімен, жақсы жаңалықтарымен есте қалды. Бүгін Қызылорда Облысының Білім Басқармасы мен Қызылорда Облыстық Кәсіподақ Ұйымының ұйымдастыруымен ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ іс-шарасы өткізілді. Шара барысында марапатталған үздіктер қатарында мектеп басшысы Рахметов Алмат Бақытбекұлы - "ЖЫЛ ҮЗДІГІ-2021" номинациясын иеленді.
Бұл - жыл бойы атқарылған нәтижелі еңбектің лайықты бағасы!
Бұл - біздің ұжымға ортақ марапат!
Жеңіс баршамызға құтты болсын!
Жаңа жылда жаңа белестерді бағындырайық!
View the embedded image gallery online at:
https://litsei4.testim.kz/kz/zhanaly-tar/108-zhyl-zdigi-2021.html#sigFreeId14b08d9715
https://litsei4.testim.kz/kz/zhanaly-tar/108-zhyl-zdigi-2021.html#sigFreeId14b08d9715






