ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай  Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен әйел мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің арулары жүлделі ІІІ орынды иеленді.Білім мен спортты қатар алып жүрген мектебіміздің нәзік жандылары өз мықтылықтарын тағы бір дәлелдеді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айбусынова Фариза жарыс қорытындысы бойынша "Үздік қорғаушы"  номинациясымен . Аруларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!