Мектебімізде Жапония елшісі Джун Ямадамен кездесу өтті. Біздің мектеп 2020 жылы Адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік жобаларға арналған "Шөп тамыры" бағдарламасының қайтарымсыз грантына ие болған еді. Бағдарлама аясында мектебімізге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимарат есік-терезелері толығымен жаңартылды.

Елші Джун Ямада, атташе Томоя Ёкоэ мен «Шөп тамыры» халықаралық бағдарламасының үйлестірушісі Акира Мацумото мектеп тарихымен және жоба бойынша атқарылған жұмыс  нәтижесімен танысып, оң бағаларын берді.

"Шөп тамыры" бағдарламасын жүзеге асырушы Қазақстандағы Жапония елшілігіне және бағдарлама ұйымдастырушыларына мектеп әкімшілігі атынан тағы да алғыс білдіреміз!