Өткен аптада мектебімізде Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында ұйымдастырылған мектеп ұжымының дәстүрлі спартакиадасы болып өтті. Спартакиадада мектептің барлық қызметкерлері қамтылып, 5 команда 7 спорт түрі бойынша сайысқа түскен болатын. Сайыс қорытындысы бойынша гір тасын көтеруден мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышов Еркін, қол күрестен тарих пәні мұғалімі Назаров Батырбек, тоғызқұмалық ойыны бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімі Рахманбергенова Анар, шахмат ойынынан математика пәнінің мұғалімі Дауылбай Аида, үстел теннисінен мектеп менеджері Шыманова Гүлсезім, воллейбол ойынынан бағдарламашы Ғалымбекұлы Ұлықбек «Үздік ойыншы» атанды. Ал жалпы коммандалық есеп бойынша 3-орынды «Полиглот» командасы, 2-орынды «Сұңқар» командасы иеленсе, Мектеп әкімшілігінен құралған команда 1-орынды иеленді. Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
https://litsei4.testim.kz/kz/zhanaly-tar/101-tken-aptada-mektebimizde-aza-stan-respublikasynda-dene-shyny-tyru-men-b-araly-sportty-damytudy-2020-2025-zhyldar-a-arnal-an-keshendi-zhospary-ayasynda-jymdastyryl-an-mektep-zhymyny-d-st-rli-spartakiadasy-bolyp-tti.html#sigFreeIdc47667acd6






